Қазақстан мен Әзербайжан құрамаларының кездесу тарихы

Қазақстан мен Әзербайжан құрамаларының кездесу тарихы

20 мамыр 2022, 14:39
УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары арасындағы алдағы ойын қарсыласу тарихындағы оныншы болмақ.

Командалар алғаш рет 2004 жылы 28 сәуірде Алматыда өткен жолдастық матчта кездесті. Қазақстан құрамасының жетекшісі тарихтағы алғашқы шетелдік жаттықтырушылардың бірі Ресейден келген Леонид Пахомов болды. Сонымен қатар, бұл оның еліміздің ұлттық құрамасының бапкері ретіндегі соңғы матчына айналды. Матч Әзербайжаннан келген қонақтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Біздің команда құрамында Андрей Карпович пен Евгений Лунев гол соқты.

 

Қазақстан – Әзербайжан – 2:3 (0:1)

Голдар: Нәбиев 33 (0:1), Карпович 56 (1:1), Гулиев 60 (1:2), Лунев 80 (2:2), Садықов 85 (2:3);

Ескертулер: Карпович, 41 – Керимов, 7, Әмірбаев, 55, Абасов, 69, Крамаренко, 87;

Алаңнан қуылғандар: Абасов, 81;

Қазақстан: Новиков, Смақов, Ирисметов, Мусин, Лотов (Лунев, 62), Балтиев, Карпович, Жұмасқалиев (Низовцев, 46), Аксенов, Гаркуша (Авдеев, 63), Тлехугов.

Бас бапкер  Л. Пахомов;

Әзербайжан: Крамаренко, Шукуров, Амирбаев, Абасов, Садыков, Хусейнов (Пономарев, 46), Керимов (Султанов, 87), Э.Гулиев, Набиев (И. Гурбанов, 79), М. Гурбанов (Абдуллаев, 90+2), Рамазанов (Мусаев, 72).

Бас бапкер – К. А. Торрес;

Төреші: Қадыр Шыныбеков (Қырғызстан);

28.04.2004. Алматы, «Орталық» стадионы. 300 көрермен.

 

Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында екі елдің командалары төрт рет кездесті. Солардың алғашқысы 2006 жылы 6 қыркүйекте Бакуде өтті, ойын нәтижесі – 1:1. Әзербайжан құрамасынан бразилиялық Андре Ладага мен біздің Дмитрий Бяков 20 минуттық айырмашылықпен гол соқты.

 

Әзербайжан – Қазақстан – 1:1 (1:1)

Голдар: Ладага 16 (1:0), Бяков 36 (1:1);

Ескертулер: Гомес, 19-Балтиев, 78, Хохлов, 90+1;

Әзербайжан: Велиев, Соколов (Музыка, 60), Керимов, Рус.Аббасов (Меликов, 46), Чертоганов, Андре Ладага, И.Гурбанов, Имамалиев, Султанов (С. Мусаев, 67), Джавадов, Леандру Гомес.

Бас бапкер – Шахин Диниев;

Қазақстан: Лория, Е.Азовский, Кучма, Жалмағамбетов, Смаков, Карпович (Травин, 68), Сергиенко, Хохлов, Бяков, Балтиев, Жұмасқалиев (Утабаев, 76).

Бас бапкер Арно Пайперс;

Төреші: Жолт Сабо (Венгрия);

06.09.2006. Баку, Т. Бахрамов атындағы Республикалық стадион. 15 000 көрермен.

 

Қарымта кездесу 2007 жылы 6 маусымда Алматыда өтіп, дәл осындай нәтижемен аяқталды – 1:1. Голдардың авторлары Вугар Надиров пен Руслан Балтиев болды.

 

Қазақстан – Әзербайжан - 1:1 (0:1);

Голдар: Надыров 30( 0: 1), Балтиев 53 (1:1);

Ескерту: Э. Гулиев 70;

Алаңнан қуылғандар: Жалмағамбетов 44;

Қазақстан: Лория, Ирисметов, Кучма, Жалмағамбетов, Смаков, Жұмасқалиев (Утабаев, 90+3), Чичулин, Карпович, Балтиев, Остапенко (Тлешев, 79), Бяков.

Бас бапкер – Арно Пайперс;

Әзербайжан: Гасанзаде, Р.Гулиев, С. Аббасов, А. Керимов (Имамалиев, 58), Гашимов, Э. Гулиев, Сұлтанов (А. Гурбанов, 74), Чертоганов, Р. Аббасов, Надыров (Х. Мамедов, 84), Субашич.

Бас бапкер – Шахин Диниев;

Төрешілер: Альбер Туссэн, Франсуа Манжан және Кристиан Холтген (барлығы – Люксембург);

06.06.2007. Алматы, Орталық стадион. 11 800 көрермен.

 

Қазақстан мен Әзербайжанның ойын тарихында «Алма-ТВ кубогында» (2007 жылғы 9 наурызда Шымкент қаласында бір рет өткізілген турнир) ойындар болды. Финалдық матчтың негізгі уақытының соңында тартысты ойынның тағдырын Андрей Финонченконың соққысы шешті. 1:0 есебімен жеңіске жеткен турнир иелері «Алма-ТВ кубогына» ие болды.

 

Қазақстан — Әзербайжан — 1:0 (0:0);

Голдар: Финонченко 80 (0:1);

Ескертулер: Балтиев 35, Әшірбеков 64, Кучма 86 — Аббасов 29 , К. Керимов 34, Чертоганов 53, Бахшиев 84;

Қазақстан: Лория, Е.Азовский, Кучма, Жалмағамбетов, Ирисметов, Скорых, Балтиев, Сергиенко (Смаков, 62), Жұмасқалиев (Камелов, 83), Әшірбеков (Утабаев, 71), Сүймағамбетов (Финонченко, 79).

Бас бапкер — А. Пайперс;

Әзербайжан: Велиев, Перейра, Ладага (Бахшиев, 71), Р.Гулиев (Амаргулиев, 88), А. Керимов, Аббасов, Султанов (Джавадов, 75), Гомес, Имамалиев (Гашимов, 72), К. Керимов (Субашич, 70), Чертоганов.

Бас бапкер Шахин Диниев;

Төрешілер: Машенцев, Канцуров, Жанибеков (барлығы Қырғызстан);

09.03.2007. Шымкент, Қажымұқан атындағы стадион. 4 500 көрермен.

 

Еуропа чемпионаттары мен басқа да халықаралық турнирлер шеңберіндегі кездесулерден басқа, қазақстандықтар мен әзербайжандар жолдастық матчтарды да өткізді. Олардың қатарында 2008 жылы 3 ақпанда Түркияның Анталия қаласында өткен ойын бар. Сол кездесуде қарсыластар бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. Мүмкіндіктер жеткілікті болды. Олардың ішінде 62-минутта қазақстандық команданың қақпасына пенальтиден мүлт кеткен соққы болды. Матч нәтижесі 0: 0.

 

Әзербайжан — Қазақстан — 0:0 (0:0)

Пенальтиден мүлт кеткен: Рамазанов 62;

Әзербайжан: Велиев, Меликов, Юнусоглу (Амирбеков, 46), Э.Гулиев, М. Гурбанов, Ас.Керимов (к) (Чертоганов, 26), Р. Гулиев (И. Гурбанов, 85), Аббасов, Рамазанов, Субашич, Х. Мамедов (Пономарев, 74).

Бас бапкер Гьокица Хаджиевски;

Қазақстан: Мокин, Смаков, Кучма, Жалмағамбетов, Е.Азовский, Балтиев, Асанбаев (Ларин, 82), Родионов (Травин, 68), Жұмасқалиев (к), Остапенко (Сүймағамбетов, 85), Бяков (Әшірбеков, 74).

Бас бапкер Арно Пайперс;

Төреші: Камиль Аби-оглы (Түркия)

03.02.2008. Анталия (Түркия), «WOW SportCentre» алаңы. 1 500 көрермен.

 

Еуропа чемпионатының шеңберіндегі келесі кездесу 2011 жылы өтті. 3 маусымда қазақстандықтар еліміздің бас стадионында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Республиканың бас командасының дебютанттары Роман Нестеренко, Марат Хайруллин, Ұлан Қонысбаев және Сергей Гридин бастапқы құрамда ойынға шықты. Бұл кездесуде Гридин дубльмен ерекшеленді.

 

Қазақстан — Әзербайжан — 2:1 (0:0);

Голдар: Гридин 57 (1:0), Надиров 63 (1:1), Гридин 68 (2:1);

Ескертулер: Шмидтгаль 77;

Қазақстан: Нестеренко, Логвиненко (Рожков, 65), Мұхтаров, Нұрдәулетов (к), Гетериев, Смаков, Шмидтгаль, Хайруллин (Киров, 82), Қонысбаев, Гридин, Остапенко (Хижниченко, 79).

Бас бапкер Мирослав Беранек;

Әзербайжан: Агаев, Меликов, Р.А. Садыгов, Джавадов, Алиев (М. Гусейнов, 79), Р. Ф. Садыгов (к), Абышев, Д. Гусейнов (Надиров, 61), Медведев, Левин, Исмаилов.

Бас бапкер Берти Фогтс;

Төреші: Юэн Норрис (Шотландия);

03.06.2011. Астана, «Астана Арена» стадионы. 14 900 көрермен.

 

2011 жылдың 6 қыркүйегінде командалар Бакуде «қарымта матч» ойнады. Өкінішке қарай, біздің футболшылар 3:2 есебімен ұтылды. Сергей Остапенко мен Виталий Евстигнеев еуропалық турнирде ел сенімін ақтауға тырысты. Ұлттық құрамада алғашқы ойынын өткізген Евстигнеев 77-минутта алаңға шығып, бірінші соққысымен қарсыласының қақпасын дәл нысанаға алды. Бұл матчта ұлттық құраманың бастапқы құрамында Марк Гурман, Марат Шаяхметов және Серікжан Мужиков секілді жаңа футболшылар алаңға шықты.

 

Әзербайжан — Қазақстан —3:2 (0:1)

Голдар: Остапенко 20 (0:1), Алиев 53 (1:1), Шукюров 62 пенальтиден (2:1), Джавадов 68 (3:1), В. Евстигнеев 77 (3:2);

Ескертулер: Шукюров 88 — Логвиненко 50, Гурман 78;

Әзербайжан: Агаев, Набиев (Юнисоглу, 13), Р.Ф. Садыгов (к), Шукюров, В. Гусейнов, Исмаилов (Абышев, 87), Амиргулиев, Чертоганов (Субашич, 46), Будак, Джавадов, Алиев.

Бас бапкер Берти Фогтс;

Қазақстан: Мокин, Киров, Логвиненко, Рожков (В.Евстигнеев, 77), Гурман, Нұрдәулетов (к), Шаяхметов (Мужиков, 70), Қонысбаев, Көкеев (Хайруллин, 59), Гридин, Остапенко.

Бас бапкер — Мирослов Беранек;

Төреші: Андерс Хермансен (Дания);

06.09.2011. Баку, Т. Бахрамов атындағы республикалық стадион. 12 000 көрермен.

 

Екі елдің тағы бір жолдастық матчы 2016 жылдың 26 наурызында Түркиядағы Белек қаласында өтті. Ойын алдында Қазақстан құрамасын бірқатар дебютанттар толықтырды. Олардың арасында Владимир Плотников, Альмир Мухутдинов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Роман Муртазаев және Жасұлан Молдақараев болды.

Бұл жолы қазақстандықтар жылдам қозғалып, гол ұйымдастыра алды. Кездесудің 8-минутында Мақсат Байжанов Камран Агаевтың қақпасын баспен гол соқты. Есеп – 1: 0.

 

Әзербайжан — Қазақстан – 0:1 (0:1)

Голдар: Байжанов 8;

Ескертулер: Қуат 86;

Әзербайжан: Агаев, Медведев (Мирзабеков, 46), Гусейнов (к), Садыхов (Гүлиев, 46), Дашдамиров, Гараев (Абишов, 73), Назаров, Абдуллаев (Мамедов, 69), Исмайлов (Алескеров, 61), Рамазанов (Тагиев, 46), Гурбанов.

Бас бапкер Роберт Просинечки (Хорватия);

Қазақстан: С. Покатилов, Шомко, Логвиненко, Малый, Е. Ахметов, С. Мужиков (Сүйімбаев, 76), Смаков (к) (Тағыберген, 88), М. Байжанов (Қуат, 59), Қонысбаев (Досмағамбетов, 67), Исламхан (А. Нұрғалиев, 64), Хижниченко (А. Щеткин, 71).

Бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов;

Төрешілер: Али Палабийик (Түркия);

26.03.2016. Анталия, Gloria Sports Arena.

 

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы матчтардың тарихы 2018 жылдың 5 маусымында Астана қаласында өткен матчпен қорытындыланады. Қазақстандықтар үшін кездесу қызу және нәтижелі басталды. Роман Муртазаев пен Серікжан Мужиковтың талпыныстарының арқасында 14-ші минутта алаң иелерінің пайдасына есеп 2:0 болды. 90-минутта Қазақстан құрамасының басымдығын арттырған Бақтиер Зайнутдинов бұл кездесудің шешуші нүктесін қойды. Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзірбайжанды 3:0 есебімен жеңді.

 

Қазақстан — Әзербайжан — 3:0 (2:0)

Голдар: Мұртазаев 12 (1: 0), Мужиков 13 (2:0), Зайнутдинов 90 (3:0);

Ескертулер: Тұңғышбаев 47- Халилзаде 35;

Қазақстан: Эрич, Шомко (Сүйімбаев 52), Малый, Постников, Бейсебеков, Қуат (Логвиненко 70), Мужиков (Зайнутдинов 63), Исламхан (Вороговский 90), Мұртазаев, Тұңғышбаев (Жуков 52), Щеткин (Тұрысбек 81).

Бас бапкер Станимир Стоилов (Болгария);

Әзербайжан: Агаев, Гараев, Абышев (Шейдаев 73), Медведев, Гурбанов (Аббасов 46), Халилзаде, Гусейнов (Имамвердиев 63), Абдуллаев (Алескеров 63), Назаров (Диниев 46), Гурбанов (Шейдаев 72), Мадатов.

Бас бапкер — Гурбан Гурбанов;

Бас төреші: Александр Тян (Молдова);

05.06.2018. Астана. «Астана Арена» стадионы.

 

Кездесулер кестесі:

          Құрама            

  О  

 Ж   

 Т  

 Ж  

  Д/А  

  Ұ  

   ФИФА рейтингіндегі орны

Қазақстан

9

4

3

2

13-9

15

125

Әзербайжан

9

2

3

4

9-13

9

129

Бөлісу
Жоғары