УЕФА Ұлттар лигасындағы қарсыласымыз Әзербайжан жайлы мәлімет

УЕФА Ұлттар лигасындағы қарсыласымыз Әзербайжан жайлы мәлімет

19 мамыр 2022, 13:24
Ұлттар Лигасының басталуына аз ғана уақыт қалды. Сіздердің назарларыңызға біздің қарсыластар туралы қызықты ақпаратты ұсынамыз.

Қазақстан құрамасы Молдова құрамасымен екі матчтық кездесуде жеңіске жетіп, «С» дивизионында қалды. Жеребе қорытындысы бойынша Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі Қазақстанның бірінші қарсыласы Әзербайжан құрамасы болады. Кездесу 3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Әзербайжан құрамасының өз тарихындағы ең үлкен жеңісі 2017 жылдың 4 қыркүйегінде Сан-Мариномен өткен матчта болды. Олар қарсылас құраманы 5:1 есебімен жеңді.

Сондай - ақ, Әзірбайжан құрамасы Еуро-96 іріктеу кезеңіне алғаш рет қатысып, Әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу матчтарында лайықты ойын көрсете бастады. Әзербайжандар бұл науқанды 1994 жылдың қыркүйегінде румындықтардың жеңілісінен бастады (0:3), бірақ содан кейін жақсы нәтижелер көрсетті.

Футбол жанкүйерлері Швейцария (ӘЧ-1998), Словакия (ӘЧ-2002), Сербия және Черногория (Еуро-2004) және Финляндиядағы (Еуро-2008) жеңістерін есте сақтаған шығар. Сондай-ақ әзірбайжандар әлем кубогы-2010 және әлем кубогы-2014 іріктеу кезеңінде Ресеймен екі рет тең ойнады (екі рет - 1:1), ал Еуро-2012 іріктеу кезеңінде Бельгиядан ұпай алды (1:1) және Түркия құрамасын ұтты - 1:0. Бұл нәтижелерге белгілі неміс жаттықтырушысы Берти Фогтс қол жеткізді.

Бүгінгі таңда Әзербайжан құрамасының бас бапкері - италиялық маман Джанни Де Бьязи. Құрама сапында жерлесіміз, «Эрцгебирге» неміс клубының шабуылшысы Дмитрий Назаров ойнайды. Ол Солтүстік Қазақстан облысында туған. 2014 жылы алғаш рет Әзербайжан ұлттық құрамасына шақырылған.

Сондай-ақ Әзіербайжан құрамасының сапында португалдық «Тондела» клубының шабуылшысы Ренат Дадашов, «Бурсаспор» түрік клубының жартылай қорғаушысы Намик Авяз оглы Алескеров және басқалары бар.

Әзербайжан құрамасының негізін «Қарабақ» футбол клубыгың ойыншыларынан құрайды сеніммен айтуға болады. Жиырма төрт футболшының тоғызы - осы клубтың ойыншылары.

Сондай- ақ, Әзербайжан ұлттық құрамасында бразилиялық футболшы Ричард Алмейда ойнайды, ол 2018 жылы «Астана» ФК құрамында Қазақстан чемпионы атанған.

Бөлісу
Жоғары