Қазақстан U-21 алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақстан U-21 алғашқы жаттығуын өткізді

25 мамыр 2022, 21:00
Қазақстан жастар құрамасы Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын бастады.

Қайрат Нұрдәулетов командасы ЕУРО-2023 аясында Дания және Түркиямен өтетін ойындарына дайындықты бастады. Қатарда өзгерістер бар. Алдағы ойындарға қорғаныстың ойыншысы Дінмұхаммед Қашкен қатыспайды. Оның орнына Испанияның «Гранада» командасында ойнайтын Асқар Сатышев шақырылды. 

Бірінші лигада ойнайтын футболшылар жастар құрамасының қатарына кейін қосылады. Олардың арасында «Қайрат-Жастар» қақпашысы Темірлан Анарбеков, «Қайсар» қорғаушысы Әділбек Жұмаханов және қосалқы тізімнен шақырту алған «Оқжетпес» ойынышсы Мейрамбек Қалмырза бар.

Сонымен қатар жастар құрамасы «Қайрат-Мәскеуде» ойнайтын Александр Широбоковты да күтеді. 

30 мамыр күні Қазақстан U-21 құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын жалғастырып, әрі қарай Данияға жол тартады.  

Бөлісу
Жоғары