​​​​​​​Қазақстан U-19 құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесулер өткізеді

​​​​​​​Қазақстан U-19 құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесулер өткізеді

27 мамыр 2022, 14:58
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 7 және 10 маусым күндері Габалада Әзербайжанмен U-19 құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.

Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны 2 маусым күні «Талғар» базасында басталады.

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімі:  

Қақпашылар: Никита Политик («Қайрат»), Дулат Талыспаев («Тараз»);

Қорғаушылар: Аслан Ахмедов, Александр Мрынский, Сергей Иванов, Сұлтан Асқаров, Әмірәлі Оразбек, Алмаз Абдуалиев (барлығы – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Кәрімов, Мирас Көбеев, Мирас Оматай, Әмір Темірғали, Әліби Мұхит (барлығы – «Қайрат»), Әли Тұрғанов, Мағжан Тоқтыбай (екеуі де – «Оңтүстік Академиясы»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Мұқағали Пангерей («Атырау»);

Шабуылшылар: Ян Труфанов, Сэйф Попов (екеуі де – «Қайрат»), Саламат Жұмабеков («Астана»);

Жаттықтырушылар штабы: Вахид Масудов – аға бапкер, Иван Азовский – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Ишутин – қақпашылар жаттықтырушысы.

Бөлісу
Жоғары