Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының Даму кубогы-2023 ойындарына шақырылған құрамы

Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының Даму кубогы-2023 ойындарына шақырылған құрамы

27 қаңтар 2023, 11:20
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Александр Кузнецов Даму кубогы-2023 ойындары қарсаңында оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Команда Астанада бір апта жаттығу жұмыстарын өткізеді, содан соң Даму кубогы ойындары өтетін Беларусьқа жол тартады.

Еске сала кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 5-11 ақпан аралығында Минскте өтетін «Даму Кубогы» халықаралық турниріне қатысады. Трофей үшін сегіз құрама таласатын болады: Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Иран, Беларусь (барлығы – U-17), сондай-ақ 16 жасқа дейінгі Беларусь және Ресей құрамалары.

Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Әбілқайыр Әлиақбар («Қайсар»), Ильдар Меңдіғалиев («Қайрат»), Әлихан Жаңай («Астана»);

Қорғаушылар: Елжан Молдахмет, Әлихан Исраилов, Эльхан Саидов (барлығы – «Қайрат»), Әділет Өмей («Тараз»), Рустам Жанхаев («Шахтер»), Ерлан Данияр, Тимур Құрбанов (екеуі де – «Жас Қыран»), Дияр Қадырқұлов («Аланьяспор», Түркия);

Жартылай қорғаушылар: Дүйсенбек Шыңғыс («Қайрат»), Алан Адахаев («Оңтүстік»), Нұрдәулет Орынбасар («Тараз»), Ахметали Қалтанов, Әділбек Рақышев (екеуі де – «Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Ерасыл Сәрсенбай («Тұран»), Әлім Ахметов («Жетісу»), Глеб Макридов («Шахтер»), Эмин Мусаев («Жас Қыран»);

Шабуылшылар: Виктор Лакеев («Жас Қыран»), Әділет Мыңбай («Оңтүстік»), Тамерлан Ағыманов, Ілияс Әбіл (екеуі де – «Ақсу»), Шахбоз Тураев («Одил Жуниор», Өзбекстан);

Бапкерлер штабы: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Азат Құрманов – қақпашылардың жаттықтырушысы.

 

Даму Кубогы-2023 матчтарының кестесі (Астана уақытымен):

5 ақпан (жексенбі)

13:30 Қазақстан – Ресей U-16

15:50 Ресей – Тәжікстан

18:10 Беларусь U-16 – Иран

21:00 Беларусь – Өзбекстан

 

7 ақпан (сейсенбі)

14:00 Қазақстан – Өзбекстан

16:20 Ресей – Иран

18:40 Беларусь U-16 – Тәжікстан

21:00 Беларусь – Ресей U-16

 

9 ақпан (бейсенбі)

14:00 Ресей U-16 – Өзбекстан

16:20 Тәжікстан – Иран

18:40 Беларусь U-16 – Ресей

21:00 Беларусь – Қазақстан

 

11 ақпан (сенбі)

13:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны

15:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны

17:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны

20:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.

Бөлісу
Жоғары