ҚФФ Атқарушы комитетінің жиыны өтті

ҚФФ Атқарушы комитетінің жиыны өтті

29 қаңтар 2023, 16:10
26 қаңтар күні Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы өтті. 

Күн тәртібіндегі басты сұрақтардың бірі 2023 жылғы маусымдағы Olimpbet-Чемпионат, Olimpbet-Кубок, Olimpbet-Суперкубогының жарыс ережелері мен күнтізбелерін бекіту болды. 

Сонымен қатар жиында Премьер-лига клубтары арасында футболдан Olimpbet-Қазақстан чемпионатының қатысушылар құрамы бекітілді.

Балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболдан ұйымдастырылатын жарыстардың да ережелері қабылданды. 

Атқарушы комитет футзалдан 2022 жылы аяқталған турнирлердің қорытындысын бекітіп, футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізу ережесін бекітті. 

Жиында бекітілген құжаттардың арасында аймақтық футбол федерацияларын қаржыландыратын «ГОЛ» бағдарламасы мен табиғи футбол алаңдарын күтуге байланысты кеңестер бар. 

 

OLIMPBET-ҚР Суперкубогы-2023 өтетін күні белгілі болды

Футболдан OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы 25 ақпанда өтеді. Шешуші ойында Қазақстан чемпионы «Астана» футбол клубы мен ел кубогының иегері «Ордабасы» командасы кездеседі. Матчтың өтетін орнын Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы анықтайды. 

OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогының қатысушыларына 40 миллион теңге көлемінде жүлде қоры тағайындалған. Жеңімпаз 25 миллион теңге,  финалист – 15 теңге алады. 

 

OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының қатысушылар құрамы бекітілді

ҚФФ Атқарушы комитетінің шешімімен, 2023 жылғы OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының маусымын 14 команда қатысады. 

  1. «Ақсу» (Павлодар)
  2. «Ақтөбе» (Ақтөбе)
  3. «Астана» (Астана)
  4. «Атырау» (Атырау)
  5. «Жетісу» (Талдықорған)
  6. «Қайрат» (Алматы)
  7. «Каспий» (Ақтау)
  8. «Қызыл-Жар СК» (Петропавлов)
  9. «Қайсар» (Қызылорда)
  10. «Мақтаарал» (Түркістан облысы)
  11. «Оқжетпес» (Көкшетау)
  12. «Ордабасы» (Шымкент)
  13. «Тобыл» (Қостанай)
  14. «Шахтер» (Қарағанды)
Бөлісу
Жоғары