Асхат Тағыберген: «Жеңіске жету үшін барымызды саламыз»

Асхат Тағыберген: «Жеңіске жету үшін барымызды саламыз»

22 наурыз 2023, 21:02
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Словениямен болатын ойын қарсаңындағы баспасөз мәслихатына қатысты.

– Жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Нәтиже қалай болатынын ойыннан кейін көреміз. Пойыздың алдына түсіп, жүгірмей-ақ қояйын. Мүмкіндік келсе, өзімнің ұлттық құрамадағы алғашқы голымды салғым келеді. Дегенмен, құрамадағы жігіттердің қай-қайсы болсын гол соқса қуанамыз.

– Демек бірінші болып гол салу ұлттық құраманың басты миссиясы?

– Әрине. Өз алаңымызда ойнап жатқасын қарсыластарға барынша шабуылдап, Ян Облактың көңіл күйін түсіріп, көптеп голдар салуға тырысамыз. Сосын шабуыл шебінде ойнайтын жігіттерге барынша гол соғуына мүмкіндік жасаймыз. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары