ҚФФ жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру оқытушылары үшін төрешілік бойынша оқыту жүргізеді

ҚФФ жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру оқытушылары үшін төрешілік бойынша оқыту жүргізеді

16 наурыз 2023, 23:53
Қазақстан футбол федерациясы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру мұғалімдеріне «Футбол төрешісі» атты оқытуды іске қосты.

Оқытушыларға арналған төрешілер курстарын Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига матчтарына қызмет атқаратын ҚФФ төрешілері өткізді. Оқытудың негізгі - мақсаты бүкіл республика бойынша мектеп жарыстарының футбол матчтарында төрешілік сапасын арттыру.

Төрешілерге арналған курстар Талдықорған мен Қонаев қалаларында өтті. Семинарда Жетісу және Алматы облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің 244 оқытушысы қатысты.

Айта кетейік, бұл курстарды Қазақстан федерациясы еліміздің барлық ірі қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.

Бөлісу
Жоғары