Қазақстан – Словения және Қазақстан – Дания матчтарының аккредитациясы

Қазақстан – Словения және Қазақстан – Дания матчтарының аккредитациясы

12 наурыз 2023, 13:09
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2024 жылғы Еуропа чемпионатының Қазақстан – Словения және Қазақстан – Дания іріктеу матчтарында жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Еске салайық, Қазақстан – Словения матчы 23 наурызда «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша 21:00-де басталады. Үш күннен кейін біздің команда Дания құрамасын қабылдайды. Ойын сағат 19:00-де басталады.

БАҚ өкілдерін тіркеу 2023 жылдың 20 наурызы, сағат 12:00-ге дейін (елорда уақытымен) жүргізіледі. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қаралмайды.

Матчтарға арналған аккредитация әр адамға жекелей беріледі. Сондықтан барлық БАҚ өкілдері 3x4 түсті портреттік фотосуреттерін қосуы керек. Аккредитацияға арналған өтінімдер kff.kz сайтының тиісті бөлімінде толтырылады.

Аккредитацияға қалай өтініш беруге болады?

  1. Іс-шараны таңдау (қай матч/іс-шара үшін аккредитацияға өтініш бересіз)
  2. Толық аты-жөніңізді толтырыңыз
  3. Электрондық поштаңызды көрсетіңіз
  4. Телефоныңызды көрсетіңіз
  5. БАҚ атауын көрсетіңіз
  6. Аккредитация түрін таңдаңыз (жазушы журналист немесе фотограф)
  7. Соңғы жарияланымдарыңыз туралы ақпараттың сілтемесін қалдырыңыз
  8. Құжаттар тізімін жүктеп салу қажет: жеке куәлік, 3х4 фотосурет, бас редактор немесе басшының қолы қойылған редакциялық хат.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген аккредитация туралы өтініштер қабылданбайды. Аккредитациялық бейджиктер матч алдындағы іс-шараларда – 22 наурызда (Қазақстан – Словения матчының аккредитациясы) және 25 наурызда (Қазақстан – Дания матчының аккредитациясы) матч алдындағы іс-шараларда беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Баспасөзге арналған орындар мен аккредитациялық бейджиктер саны шектеулі. Жіберілген өтінімдер қосымша қаралады.

Әрбір БАҚ үшін аккредитиация саны екеуден аспайды (тілші және фотограф/бейнеоператор).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары