Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне шықты

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне шықты

09 наурыз 2023, 09:48
Рикардо Кака бастаған Қазақстан құрамасы негізгі іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Словениямен тең түсіп, топтан бірінші орынмен келесі айналымға жолдама алды. 

Марибор қаласында өткен ойын 3:3 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов және Тайнан көзге түссе, алаң иелерінен Жиго Чех, Игор Осредкар және Тео Турк мергендік танытты. 

Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен өз тобын бірінші орынмен аяқтады. Бұған дейін біздің жігіттер Словенияны 2:0, Черногория құрамасын 5:1 және 7:0 есептерімен жеңген болатын. 

Элиталық кезеңнің жеребе тарту рәсімі 5 шілде күні өтеді. 

Словения – Қазақстан – 3:3 (1:3)

Голдар: Чех 9, Осредкар 25, Турк 26 – Ақбалықов 5, Тұрсағұлов 15, Тайнан 19;

Словения: Берзелак, Турк, Тотошкович, Осредкар (к), Хозян – Печек,  Шубан, Весел, Дюриш, Буковец,  Янеж, Душчак, Чех, Фидершек;

Қазақстан: Байдулла, Эдсон, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов – Серіков, Тайнан, Нұрғожин, Ақбалықов, Есенаманов (к), Кнауб, Жұма, Амандосов;

Төрешілер: Биркетт, Нерс (екеуі де - Англия), Пэтчелл (Ирландия);

08.03.2023. Марибор, Дворона Табор.

Бөлісу
Жоғары