Павлодарда футбол мерекесі өтті
Іс-шараға «AMANAT» партиясы жанынан «Жастар арасында футболды дамыту және қолдау» қоғамдық қоры, Павлодар облыстық әкімдігі, Павлодар облыстық футбол федерациясы және «Ақсу» футбол клубы қолдау көрсетті.
Фестивальге Павлодар облысының балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Футбол мерекесіне жалпы саны 100-ден астам бала жиналды.
Шарада балалар үйінің тәрбиеленушілерінен жиналған команда «Ақсу» футбол орталығына қарсы жолдастық матч өткізді. Ал «Ақсу» командасының негізгі құраманың футболшылары Руслан Есімов, Мирас Тұрлыбек, Луис Гедеш және Брайан Гарсия балалардан құралған команданың қатарында ойнады.
Мерекеге қатысқан әрбір ойыншы диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар «Ақсу» футболшыларымен автограф-сессия ұйымдастырылды.
Айта кетейік, республикалық футбол фестивалі алғаш рет 12 ақпан күні Қостанайда өткен болатын. Келесі спорттық іс-шара Тараз және Алматы қалаларында жоспарланған.