Қазақстан U-17 құрамасы – Даму кубогының күміс жүлдегері

Қазақстан U-17 құрамасы – Даму кубогының күміс жүлдегері

11 ақпан 2023, 22:10
Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан халықаралық турнир аяқталды.

Финалда Қазақстан мен Ресей жасөспірімдер құрамалары кездесті. Ойынның алғашқы бөлігі тең аяталғанымен, екінші таймда қарсыластардың жолы болды. Қорытынды есеп – 1:3. Қазақстан құрамасынан жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл көзге түсті. Ол турнирдегі үшінші голын соқты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы турнирдің күміс жүлдесін иеленді. Ал біздің команданың қақпашысы Әбілқайыр Әлиақбар Даму кубогының үздік қақпашысы атанды

Қазақстан U-17 – Ресей U-17 – 1:3 (1:1)

Голдар: Ілияс Әбіл 8 – Вадим Пастушков 2, Иван Бобер 68 (пенальти), Егор Сысоев 73

Бөлісу
Жоғары