Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңінің бесінші себетіне орналасты

Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңінің бесінші себетіне орналасты

02 ақпан 2023, 10:35
Бүгін жастар арасында 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады.

Жеребе қорытындысы бойынша алты командадан жеті топ және бес командадан екі топ құралады. 

Финалдық кезеңге 15 команда таласады. Словакия құрамасы жарыс иелері болғандықтан тікелей жолдама алды. 

Іріктеу ойындары 2023 жылдың наурызынан басталып, 2024 жылдың қарашасына дейін жалғасады. Топ жеңімпаздары мен екінші орын иегерлерінің арасынан үздік үш команда (алтыншы орын алған командалардың нәтижелері саналмайды) финалдық кезеңге бірден шығады.

Екінші орын алған қалған алты команда 2024 жылдың қарашасында өтпелі ойындар арқылы соңғы үш жолдаманы сарапқа салады. 

 

ЕЧ-2025 іріктеу кезеңінің себеттері:

Себет 1: Испания, Португалия, Германия, Франция, Нидерланд, Англия, Дания, Италия, Румыния

Себет 2: Хорватия, Швейцария, Бельгия, Чехия, Польша, Украина, Швеция, Австрия, Ирландия

Себет 3: Норвегия, Грекия, Исландия, Словения, Израиль, Финляндия, Грузия, Сербия, Шотландия

Себет 4: Босния және Герцеговина, Болгария, Венгрия, Түркия, Солтүстік Македония, Уэльс, Беларусь, Солтүстік Ирландия, Албания

Себет 5: Қазақстан, Латвия, Косово, Черногория, Молдова, Литва, Фарер аралдары, Кипр, Әзербайжан

Себет 6: Мальта, Армения, Люксембург, Андорра, Эстония, Гибралтар, Сан-Марино

 

Іріктеу кезеңінің күнтізбесі:

Топтық кезең

20-28 наурыз 2023 жыл

12-20 маусым 2023 жыл

4-12 қыркүйек 2023 жыл

9-17 қазан 2023 жыл

13-21 қараша 2023 жыл

18-26 наурыз 2024 жыл

2-10 қыркүйек 2024 жыл

7-15 қазан 2024 жыл

Өтпелі матчтар

11-19 қараша 2024 жыл

Бөлісу
Жоғары