Қазақстан U-17 құрамасы Даму кубогының финалына шықты

Қазақстан U-17 құрамасы Даму кубогының финалына шықты

09 ақпан 2023, 22:46
Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан халықаралық турнирде 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңнің шешуші ойынында жарыс иелері Беларусь футболшыларымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесуде соғылған жеңіс голының авторы - Ілияс Әбіл. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы турнирдегі екінші голын соқты.

Александр Кузнецов шәкірттері үш ойын қатарынан жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орын алды. Топтық кезеңде барлық кездесуде жеңіске жетіп, қақпасына гол өткізбеген турнирдегі жалғыз команда екенін айта кеткен жөн. 

Біздің жасөспірімдер бірінші орынға Ресей U-17 құрамасымен таласады. Финал Астана уақытымен 11 ақпан күні 20:00-де басталады. 

Беларусь U-17 – Қазақстан U-17 – 0:1 (0:0)

Гол: Әбіл 46

Беларусь U-17: Константин Вератянский (қ), Михаил Александров (Артем Белорус 58), Никита Кондратеня, Захар Баранок, Руслан Мялковский (к), Артем Соколовский, Никита Люкевич (Артем Воскобойников 41), Марк Мокин (Тимофей Симаненка 58), Павел Шевченко (Матвей Соколовский 58), Трофим Мельниченко (Никита Чуйко 58), Никита Майоров (Максим Кононов 41);

Қосалқы құрам: Никита Довнар (қ), Даниил Мартинович (қ), Федор Федорович, Владислав Степаненко, Алесь Сахончик, Александр Рогов, Кирилл Небышинец;

Аға бапкері: Александр Юревич.

Қазақстан U-17: Әбілқайыр Әлиақбар (қ), Елжан Молдахмет, Эльхан Саидов, Әлихан Исраилов (к), Әділет Мыңбай (Аян Байдәулетов 60) (Алан Адахаев 78), Ілияс Әбіл, Тимур Құрбанов (Ахметәли Қалтанов 41), Шыңғыс Дүйсенбек, Рустам Жанхаев, Данияр Ерлан, Тамерлан Ағыманов (Ерасыл Сәрсенбай 60);

Қосалқы құрам: Ильдар Меңдіғалиев (қ), Шахбоз Тураев, Виктор Лакеев, Әділет Өмей, Эмин Мусаев;

Аға бапкері: Александр Кузнецов.

Төрешілер: Евгений Ясенович, Данила Бакулин, Андрей Садловский (барлығы – Беларусь).

09.02.2023. БФФА манежі, Минск, Беларусь. 

Бөлісу
Жоғары