Қазақстан U-17 құрамасы Даму кубогында екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Қазақстан U-17 құрамасы Даму кубогында екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

07 ақпан 2023, 15:50
Біздің команда бұл жолы Өзбекстан құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның оныншы минутында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ілияс Әбіл есеп ашты. Араға тура он минут салып шабуылшы Тамерлан Ағыманов есепті еселей түсті.

Матчтың соңғы минутында ойынға екінші таймда араласқан Виктор Лакеев көзге түсіп, кездесуге нүкте қойды.

Қазақстан құрамасының сапынан матчтың үздік ойыншысы болып Ілияс Әбіл танылды. 

Александр Кузнецов командасы топтық кезеңнің шешуші ойынын 9 ақпан күні елорда уақытымен 21:00-де Беларусь құрамасымен өткізеді.

Қазақстан U-17 – Өзбекстан U-16 – 3:0 (2:0)

Голдар: Ілияс Әбіл 10, Тамерлан Ағыманов 20, Виктор Лакеев 80

Қазақстан U-17: Әбілқайыр Әлиақбар (қ), Елжан Молдахмет, Эльхан Саидов, Әлихан Исраилов (к), Әділет Мыңбай (Виктор Лакеев 63), Ілияс Әбіл, Тимур Құрбанов (Ахметәли Қалтанов 41) (Эмин Мусаев 56), Шыңғыс Дүйсенбек, Рустам Жанхаев, Данияр Ерлан (Аян Байдәулетов 56) (Әділет Өмей 78), Тамерлан Ағыманов (Ерасыл Сәрсенбай 56) (Алан Адахаев 78);

Қосалқы құрам: Ильдар Меңдіғалиев (қ), Шахбоз Тураев

Аға бапкер: Александр Кузнецов.

Өзбекстан U-16: Оятилло Акрамов (қ) (Зикруллох Хотамджонов (в) 25), Шорахим Шорахметов (к) (Озодбек Шарипов 65), Бехрузджон Каримов, Хусан Купайсинов (Рихсибой Абдухаримов 41), Ферузбек Олимов (Улугбек Маратов 63), Ходжиахмад Хусанов (Комронбек Юсупов 28), Фарух Агаев (Муминхон Баходирхонов 41), Муслимбек Хабибуллаев, Диёрбек Таджиев (Диёр Ерманов 69), Даврон Тулаганов (Акмал Ахматов 63), Самир Курбанов (Саддам Ахмадов 25);

Қосалқы құрам:

Аға бапкер: Зайнитдин Таджиев.

07.02.2023. БФФА манежі, Минск, Беларусь. 

Бөлісу
Жоғары