Қазақстандық төрешілер футзалдан ӘЧ-2024 іріктеу кезеңі матчында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер футзалдан ӘЧ-2024 іріктеу кезеңі матчында қызмет атқарады

02 наурыз 2023, 12:38
Қазақстандық төрешілер тобы футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Венгрия және Хорватия құрамалар арасында өтетін матчына тағайындалды.

Ойынды Талғат Қосмұхамбетов (Қостанай) және Төрехан Тұрсымбаев (Астана) төрелік етеді. Үшінші төреші ретінде қостанайлық Аслан Галаев тағайындалды.

Матч 7 наурыз күні Дебрецен қаласында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 23:15-те.

Бөлісу
Жоғары