Футзалдан Қазақстан құрамасының Словениямен өтетін ойынға қарсы құрамы

Футзалдан Қазақстан құрамасының Словениямен өтетін ойынға қарсы құрамы

27 ақпан 2023, 17:46
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Біздің команда 2024 жылғы әлем чемпионатының негізі іріктеу кезеңінің соңғы ойынын сырт алаңда Словениямен өткізеді. Екі құрама 2022 жылдың қазан айында Астанада ойнаған болатын. Сол матчта Рикардо Кака шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы өз тобында 9 ұпаймен көш бастап келеді. 

Іріктеу кезеңіне дайындық жұмыстары 28 ақпан күні Алматыда басталады. Тізімге жалпы саны 17 ойыншы енді. Қазақстан құрамасының қатарына алғаш рет Жақсылық Амандосов («Атырау») пен Дамир Қайырбай («Ақтөбе») шақырту алды. Ал команда капитаны Лео Игита жарақатынан кейін жаттығу жұмыстарын енді бастағандықтан алдағы ойынға қатыспайды.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы:

Қақпашылар: Нұрәлем Байдулла («Рахмет»), Рауан Атантаев («Астана»), Нарун Серіков («Қайрат»)

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон, Біржан Оразов (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Азат Валиуллин («Аят»), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма (барлығы – «Каспий»), Жақсылық Амандосов («Атырау»), Дамир Қайырбай («Ақтөбе»).

Айта кетейік, Словениямен ойын 8 наурыз күні Марибор «Дворана Табор» спорт кешенінде өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23:00-де басталады. 

Бөлісу
Жоғары