Қазақстан – Словения және Қазақстан – Дания матчтарының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан – Словения және Қазақстан – Дания матчтарының билеттері онлайн сатылымға шықты

01 наурыз 2023, 19:55
Қазақстан футбол федерациясы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Словения және Қазақстан – Дания матчтарының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Қазақстан – Словения ойыны 23 наурыз күні сағат 21:00-де басталады. Данияға қарсы кездесу 26 наурыз, сағат 19:00-ге жоспарланған. Қос ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің құны 1500 теңгеден басталады.

Ұлттық құраманы қолдап, матчтың 12-ойыншысы атаныңыз. Сіздің қолдауыңыз біз үшін маңызды! 

Бөлісу
Жоғары