Ұлттық құраманың нақты тізімі белгілі болды

Ұлттық құраманың нақты тізімі белгілі болды

12 наурыз 2023, 12:09
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Словения (23 наурыз) және Дания (26 наурыз) құрамаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 16 наурыз күні Астанада басталады.

Қорытынды тізімге 27 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Тобыл»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Талғат Кусяпов («Каспий»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – «Ордабасы»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Рамазан Оразов («Ақсу»), Исламбек Қуат, Владислав Прокопенко, Аслан Дарабаев (барлығы – «Астана»), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Ордабасы»);

Қосалқы құрам: Данил Устименко («Қайрат»), Абылайхан Жұмабек («Ақтөбе»), Ғафуржан Сүйімбаев, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Ислам Чесноков («Тобыл»)

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары