Таразда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған республикалық футбол фестивалі өтті

Таразда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған республикалық футбол фестивалі өтті

13 наурыз 2023, 17:08
Таразда Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен УЕФА-ның Футбол және әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында футбол фестивалі өтті.

Аталған іс-шара «AMANAT» партиясы жанынан «Жастар арасындағы футболды дамыту және қолдау» қоғамдық қорының, Жамбыл облысының футбол федерациясының, сондай-ақ «Тараз» футбол клубының қолдауымен өтті.

Фестивальге Тараз қаласы мен Жамбыл облысының 6 балалар үйінен 100-ге жуық бала, «Тараз» ФК футбол орталығы мен жастар командасының ойыншылары мен жаттықтырушылары қатысты. 

Іс-шара балаларға арналған түрлі шеберлік сыныптарынан және «Тараз» футбол орталығының жаттықтырушылары мен «Тараз» ФК жастар командасының ойыншыларының қатысуымен болған көңілді эстафеталардан тұрды. 

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы келесі футбол фестивалі Алматыда 17 наурызға жоспарланған.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары