Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2023 іріктеу турниріне қатысады
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінде 1-топқа түскен болатын. Қарсыластары – Польша, Молдова және Словения. Топ жеңімпазы 4-11 қыркүйек аралығында Хорватияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Қазақстан жасөспірімдерін алдағы іріктеу ойындарына ұлттық құраманың бас бапкері Рикардо Кака бастап барады. Жаттықтырушылар штабы 13-20 наурыз аралығында Алматыда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.
Тізімге 17 ойыншы енді:
Қақпашылар: Рауан Сисенғалиев («Рахмет»), Денис Шолубай («Қайрат»), Эмиль Нигматзянов («Тұлпар»);
Алаңдағы ойыншылар: Батырхан Кенжеғали, Дамир Қайырбай (екеуі де - «Ақтөбе»), Артем Черненко, Абай Қабдешов, Иван Марахов (барлығы - «Аят»), Алмаз Максутов, Әлішер Нұрин (екеуі де - «Бәйтерек»), Жайық Құдайберген, Александр Дерябин, Мейіржан Кешубаев (барлығы - «Қайрат»), Руслан Үргенішбаев («Рахмет»), Олжас Калгужинов, Георгий Калачев, Тимур Мәлібеков (барлығы - «Тұлпар»);
Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Аслан Смақов – бас бапкердің көмекшісі, Гордей Янов – қақпашылардың жаттықтырушысы;
Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының ойын кестесі:
22.03.2022. Польша – Қазақстан – 22:00.
23.03.2022. Молдова – Қазақстан – 22:00.
25.03.2022. Қазақстан – Словения – 19:00.
*Астана уақыты көрсетілген.