Қазақстан жастар құрамасы сапында өзгеріс

Қазақстан жастар құрамасы сапында өзгеріс

15 наурыз 2023, 14:59
«Елімай» жартылай қорғаушысы Ален Аймановтың жарақат алуына байланысты Қазақстан жастар құрамасы сапында өзгерістер орын алды.

Оның орнына «Қайраттың» қорғаушысы Александр Широбоков пен «Тобыл» командасының жартылай қорғаушысы Ғалым Бейбіт шақыртылды.

Қазақстан жастар құрамасы 17-24 наурыз аралығы «Қайрат» ФК-ның басасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Дайындық аясында Қайрат Нұрдәулетовтың шәкірттері екі жолдастық матч ойнайды. Бірінші қарсылас Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы болса, екінші команда кейін анықталады.

Бөлісу
Жоғары