Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалі ұйымдастырылды

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалі ұйымдастырылды

17 наурыз 2023, 22:59
Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-ның «Футбол және әлеуметтік жауапкершілік» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер футболын насихаттау мақсатында кезекті іс-шараны өткізді.

Футбол мерекесі Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті.  Аталған шара «АМАНАТ» партиясының жанынан құрылған Жастар футболын қолдау және дамыту қорының атсалысуымен, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдігінің, «Қайрат» футбол клубының қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестивальге Алматы қаласы мен Алматы облысындағы 3 балалар үйінің 100-ге жуық тәрбиеленушісі қатысты.  

Футбол мерекесі балаларға арналған әртүрлі шеберлік сабақтарымен басталып, «Қайрат» футбол орталығының ойыншылары және жаттықтырушыларының қатысуымен көңілді эстафеталық жарыстармен жалғасты.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы кезекті футбол фестивалі 31 наурызда Петропавл қаласында өтеді.

Бөлісу
Жоғары