Талғарда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының селекциялық жиыны өтіп жатыр

Талғарда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының селекциялық жиыны өтіп жатыр

10 сәуір 2023, 15:52
Талғар базасында 16 жасқа дейінгі Қазақстан аралық құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

Селекциялық жиынға 2008 жылғы ойыншылар қатысады. 16 сәуірге дейін жалғасатын жиын аясында Қазақстан құрамасы үш жолдастық кездесу өткізеді.

Оқу-жаттығу жиынына шақырытылған футболшылардың тізімі:

Қақпашылар: Артем Медовской («Каспий»), Мағжан Қуджа («Жетісу»), Тамерлан Жаңабергенов («Астана»), Махмуджан Сұңғатуллин («Жас Қыран»);

Қорғаушылар: Әли Әскербеков, Әлихан Жексенбек (екеуі де – «Астана»), Сұлтанбейбарыс Абдуғаппаров («Оңтүстік Академиясы»), Нұрдәулет Жақсымұрат, Асылхан Жұмахан (екеуі де – «Ордабасы»), Арлан Аралбаев («Ақтөбе»), Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Жалғас Сайлаубек («Қайсар»);

Жартылай қорғаушылар: Руслан Валиханов, Даниял Назаров (екеуі де – «Астана»), Камиль Ғатих («Атырау»), Аңсар Нұрғали («Оқжетпес»), Арафат Молдағалиев, Ян Шатохин (екеуі де – «Жетісу»), Станислав Майоров («Ақсу»), Арсен Қарыбаев («Аналия Кестелспор», Түркия);

Шабуылшылар: Нұркелді Түстікбай, Айдос Қарбозов, Ербол Құрманахан (барлығы – «Жетісу»), Есімхан Ибраим, Әлихан Әли (екеуі де – «Оңтүстік Академиясы»), Марат Асланбек («Астана»), Ескендір Еркін («Шахтер»), Абдулмансур Хасан («Атырау»), Руслан Рахметов («Ақсу»), Марк Анискин («Жас Қыран»), Нұрасыл Шыналиев («Ордабасы»).

Бапкерлер штабы: Марат Еслямов – аға бапкер, Ринат Алюетов – аға бапкердің көмекшісі, Қайрат Белгібаев – аға бапкердің көмекшісі, Павел Жуков – қақпашылардың жаттықтырушысы, Бауыржан Елденбаев – бейнеоператор, Бауыржан Абаев – дәрігер, Рахат Әкімқұл – менеджер.

Жолдастық матчтардың күнтізбесі:

12.04.2023

Қазақстан U-16 – «Жас Қыран» U-16

Қазақстан U-16 – «Жас Қыран» U-17

 

16.04.2023

Қазақстан U-16 – «Жас Қыран» U-16

Бөлісу
Жоғары