Бапкерлік курстарға тыңдаушыларды қабылдау туралы хабарландыру

Бапкерлік курстарға тыңдаушыларды қабылдау туралы хабарландыру

11 сәуір 2023, 11:28
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы UEFA-ның «С», «В», «В-Goalkeeper», «А» лицензиялары бойынша бапкерлерді оқыту курстарына тыңдаушыларды қабылдайтынын жариялайды.

Білім беру бағдарламасынан үмітті кандидаттардың барлығы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында «Бапкерлерді оқыту» бөлімінде көрсетілген тіркеу формасын толық толтырып, қажетті құжаттарды жіберуі тиіс. Оқу курсынан өтетін кандидаттардың тізімі 2023 жылдың 5 мамырына дейін қабылданады.

Курсқа қабылдау кезеңінде төменде көрсетілген талаптарға толықтай сай келетін және өтінішті ерте берген кандидаттарға басымдық беріледі.

Оқу бағдарламасына жіберілген өтініштер курсқа түсу үшін кепілідк бола алмайды.

UEFA «С» категориясы бойынша білім беру курсы үшін бапкерлерге арналған ең төмен талаптар:

UEFA «С» категориясы бойынша аймақтарда білім беру курстары өтеді. Білім беру бағдарламаларын Алматы, Астана, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Семей қалаларында өтуге болады.

Өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет:

1. Жоғары білім;

2. «D» лицензиясы бойынша курстан өткені туралы ұлттық сертификат (бұл талап ұсыныс ретінде қаралады).

3. Әуесқой немесе кәсіпқой деңгейде ойыншы немесе бапкер қызметінде кем дегенде 3 жылдық тәжірибесі болуы керек;

4. Кандидат курстан өту кезеңінде бапкер қызметінде тәжірибеден өтуі міндетті.

 

UEFA «В» категориясы бойынша білім беру курсы үшін бапкерлерге арналған ең төмен талаптар:

1. Кандидаттың UEFA «С» категориясы бойынша лицензиясы болуы керек;

2. Кандидат курстан өту кезеңінде бапкер қызметінде тәжірибеден өтуі міндетті;

3. Әуесқой немесе кәсіпқой деңгейде ойыншы немесе бапкер қызметінде кем дегенде 3 жылдық тәжірибесі болуы керек.

 

UEFA «В-Goalkeeper» категориясы бойынша білім беру курсы үшін бапкерлерге арналған ең төмен талаптар:

1. Кандидаттың UEFA «С» категориясынан төмен емес лицензиясы болуы керек;

2. Кандидат курстан өту кезеңінде бапкер қызметінде тәжірибеден өтуі міндетті;

3. Әуесқой немесе кәсіпқой деңгейде ойыншы немесе бапкер қызметінде кем дегенде 3 жылдық тәжірибесі болуы керек.

 

UEFA «А» категориясы бойынша білім беру курсы үшін бапкерлерге арналған ең төмен талаптар:

1. Кандидаттың UEFA «В» категориясы бойынша лицензиясы болуы керек;

2. UEFA «В» лицензиясы бойынша білім беру курсын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметте кем дегенде бір жылдық тәжірибесі болуы керек;

3. Кандидат курстан өту кезеңінде бапкер қызметінде тәжірибеден өтуі міндетті.

Білім беру курстарының бағалары

UEFA категорияларының атауы

Кусртың бағасы (тыңдаушыларға арналған жатын орыны мен тамақ қосылмайды)

Кусртың бағасы (тыңдаушыларға арналған жатын орыны мен тамақ қосылады)

Өтетін орны

1

UEFA «С» категориясы

125 000 теңге

Қарастырылмаған

Астана, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Орал, Семей

2

UEFA «В»  категориясы

350 000 теңге

520 000 теңге

Талғар

3

UEFA «В Goalkeeper» категориясы

215 000 теңге

350 000 теңге

Талғар

4

 UEFA «А» категориясы

870 000 теңге

1 100 000 теңге

Талғар

 

Өтініштерді қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін Техникалық орталықтың қызметкері әрі қарай нұсқаулар бойынша хабарласады.

Анықтама телефоны: +7 (777) 549-78-13 (B-Goalkeeper, UEFA «A» категориялары), +7 (707) 231-30-88 (UEFA «С» және «В» категориялары).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары