ФУТЗАЛДАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ 2023 ЖЫЛҒЫ СТУДЕНТТЕР ЛИГАСЫНЫҢ ШЕШУШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

ФУТЗАЛДАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ 2023 ЖЫЛҒЫ СТУДЕНТТЕР ЛИГАСЫНЫҢ ШЕШУШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

20 сәуір 2023, 11:11
Астанада Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен «QSQFL-2023» футзалдан қыздар студенттер лигасы аяқталды

Шешуші кезең 10-14 сәуір аралығында «Сайран Арена» және «Астана» СК паркеттерінде өтті. Турнирдің жеңімпазы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (Алматы) командасын финалда 4:2 есебімен жеңген академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Шымкент) болды. 

Қола жүлде Павлодар педагогикалық университетінің құрамасына бұйырды. Үшінші орын үшін өткен матчта павлодарлық студенттер Назарбаев университетінің құрамасын жеңді. 

Марапаттау рәсіміне ҚФФ бұқаралық футбол департаментінің директоры Никита Мозговой қатысты.

Матчтардың қорытындысы:

Топтық кезең:

10 сәуір

ППУ - ҚазҰУ - 6:0

НУ - ҚазҰМУ - 2:2

ХДУ - ПМУ - 16:0

 

11 сәуір

ҚазҰУ – ҚазҰМУ - 4:7

НУ - ППУ - 2:4

ПМУ - ҚазҰҚызПУ - 0:5

 

12 сәуір

ҚазҰМУ - ППУ - 1:2

ҚазҰУ – НУ - 0:5 

ҚазҰҚызПУ - ХДУ - 1:4

 

Плей-офф («Астана» СК):

Жартылай финал

13 сәуір

ҚазҰҚызПУ – ППУ-8: 0

ХДУ – НУ - 5:0


14 сәуір

ППУ – НУ - 3:1

ХДУ - ҚазҰҚызПУ - 4:2

 

Турнир қорытындысы бойынша жеке номинациялар анықталды:

Үздік бомбардир - Минора Тілеубекова

Үздік қақпашы - Карина Ниязбек

Үздік қорғаушы – Светлана Ступина

Үздік жаттықтырушы - Жақсылық Ермағанбетов

Үздік ойыншы - Әсел Көбесова

Бөлісу
Жоғары