Әлем чемпионаты-2024. Футзалдан Қазақстан құрамасының элиталық іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Әлем чемпионаты-2024. Футзалдан Қазақстан құрамасының элиталық іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

08 маусым 2023, 18:40
Бүгін футзалдан 2024 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Рикардо Кака жаттықтыратын Қазақстан құрамасы А тобына түсті. Қарсыластары - Румыния, Әзербайжан, Нидерланд. Элиталық іріктеу кезеңінің ойындары 2023 жылдың қыркүйек айында басталып, желтоқсанға дейін жалғасады.

Топ жеңімпазы 2024 жылғы Әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған команда плей-офф кезеңінде бақ сынасады.

Элиталық кезеңнің ойын кестесі:
11-20 қыркүйек 2023 ж.
2-11 қазан 2023 ж.
11-20 желтоқсан 2023 ж.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінде Словения және Черногория құрамаларымен ойнап, өз тобында бірінші орын алған еді.

Бөлісу
Жоғары