Қазақстан U-21 құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Жиын 10-17 маусым аралығында «БИІК» жаттығу базасында болады.
Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов алдағы жиынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.
Тізімге 23 ойыншы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Никита Пивкин («Елімай»), Әлішер Сүлеймен («Жеңіс»);
Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Александр Широбоков, Александр Мрынский, Лев Кургин (барлығы – «Қайрат»), Ерсұлтан Калдыбеков («Тараз»), Даниил Нырков, Микаэль Асқаров (екеуі де – «Екібастұз»), Сұлтан Асқаров («Қайрат-Жастар»), Әділхан Добай («Мақтаарал»);
Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Мирас Көбеев (екеуі де – «Қайрат»), Ғалым Бейбіт («Тобыл»), Нұрғайни Бөрібаев («Тұран»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Айбар Абдулла («Шахтер»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Дархан Бердібек («Каспий»);
Шабуылшылар: Иван Свиридов («Шахтер»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь).
Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға бапкер, Асқар Ыдырысов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың бапкері.