Қызылордада балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалі өтті

Қызылордада балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалі өтті

29 мамыр 2023, 19:53
Еске салайық, бұған дейін іс-шара Қостанай, Павлодар, Петропавл, Алматы, Тараз және Шымкентте өткен. Бұл жолы футбол мерекесі Қызылордада өткізілді және оған 70-ке жуық бала қатысты.

Шараның алғашқы бөлігінде «Қайсар» футбол орталығының бапкерлері балаларға негізгі футбол дағдыларын үйретті. Ғани Мұратбаев атындағы «Орталық» стадионда доппен және командалық жаттығу жасау үшін алты бірдей «станция» құрылды.

Балалар үшін фестивальда түрлі эстафеталар мен «Қайсар» футбол орталығының ойыншылары мен бапкерлерінен мастер-класстар өткізілді. Жаттығулардан соң балалар «Қайсардың» екінші командасының кәсіби ойыншыларымен ойнады. Жас футбол сүйер жанкүйерлерді қолдауға Руслан Сахалбаев, Қуаныш Қалмұратов және Бақдаулет Зұлфықаров келді.

Фестиваль «Жастар арасында футболды дамыту және қолдау фондымен» ортақтаса және «AMANAT» партиясының, Қызылорда қаласының әкімдігінің, Қызылорда қ. спорт басқармасының, Қызылорда қ. футбол федерациясының, «Қайсар» футбол клубының қолдауымен өткізілді.

Келесі жастар мен жасөспірімдер арасындағы футбол фестивалі Өскемен қаласында 2 маусым күні өтеді.

Бөлісу
Жоғары