Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімі белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімі белгілі болды

31 мамыр 2023, 17:00
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Сан-Марино (16 маусым) және Солтүстік Ирландия (19 маусым) құрамаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Қорытынды тізімге 27 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин («Тобыл»), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де – «Қайрат»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер.

Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 16 маусым күні Магомед Адиев командасы Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын «Эннио Тардини» стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

Үш күннен кейін біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласы, «Уиндзор Парк» стадионында өтеді.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары