Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастады

Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын бастады

09 маусым 2023, 23:20
Біздің құрама маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойнайды.

Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Алматыда түгелдей жиналып, Орталық стадионда алғашқы жаттығуын өткізді. Мәскеудің ЦСКА командасында ойнайтын Бақтиер Зайнутдинов ғана Ресей кубогының финалынан кейін қатарға қосылады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 16 маусым күні Магомед Адиев командасы Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын «Эннио Тардини» стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

Үш күннен кейін біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласы, «Уиндзор Парк» стадионында өтеді.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары