Қазақстан әйелдер құрамасы сырт алаңда Арменияны жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы сырт алаңда Арменияны жеңді

27 қыркүйек 2023, 11:02
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында алғашқы жеңісіне жетті.

Эстония құрамасымен тең түскеннен кейін (0:0) Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында екінші ойынын Арменияға қарсы өткізді.

Бірінші таймның 27-минутында Әселхан Тұрлыбекова матчта есеп ашты.

Екінші таймда алаң иелері Вероника Асатрянның күшімен таразы басын теңестірсе, матчтың 57-минутында Арайлым Орынбасарова жеңіс голын соқты.

Осылайша Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алғашқы екі ойынында 4 ұпай жинап, өз тобында көш бастады. Команда келесі кездесулерін Израиль құрамасына қарсы өткізеді. Ойындар 26 қазанда үйде, 31 қазанда сырт алаңда өтеді.

Армения – Қазақстан – 1:2 (0:1)

Голдар: Тұрлыбекова 27 (0:1), Асатрян 54 (1:1), Орынбасарова 57 (1:2).

Ескертулер: Артин 54 – Власова 90.

Қазақстан: Портнова (қ), Демидова, Мясникова, Нурушева, Власова, Қаражанова, Құлмағамбетова (Бурова 65), Жұмабайқызы, Тұрлыбекова (Жанатаева 65), Гайстенова (Айтымова 86), Мамырова (Орынбасарова 57, Сатығалиева 86);

Бас бапкер: Мадияр Кембілов;

Армения: Де Крюф, Тэйлор, Галстян, Жамгочян, Газарян, Нерсесян, Чолакян (Григорян 81), Даллакян, Асатрян, Артин, Пизлова. 

Бас бапкер: Артак Адамян

Төрешілер: Вера Опейкина, Екатерина Курочкина, Елена Собчук, Надежда Горинова (барлығы – Ресей)

26.09.2023 ж. «Армавир стадионы», Армавир.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары