Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті
Сенаторлар мен мәжілісмендер Қазақстан футбол федерациясының қызметімен танысты. Өз кезегінде ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Қазақстан футболының 2034 жылға дейінгі даму стратегиясын таныстырып, негізгі бағыттарға тоқталды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан Магеррам Магеррамов, Ислам Сұңқар, Жигули Дайрабаев, Самат Нұртаза, Ерлан Стамбеков, Данабек Исабеков, Данияр Қарқарауов, Әлішер Сатвалдиев және Болат Керімбек қатысты.
Сондай-ақ, жұмыс мәселелері талқыланған соң қонақтарға ҚФФ Футбол үйі мен манежге экскурсия ұйымдастырылды.
Кездесу қатысушыларына отандық футболдағы барлық проблемаларды талқылап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын жақын арада табуға мүмкіндік берген кездесу нәтижелі болды.
Мұндай кездесулер елдегі футболды дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында спорт ұйымдары мен заң шығарушы органдардың тығыз ынтымақтастығына ықпал ете алады.