Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарына құрамы

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарына құрамы

03 қазан 2023, 18:10
Қазақстан U-19 құрамасының 2023/24 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің ойындарына шақырылған ойыншыларының тізімі белгілі болды.

Қазан айында 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 2023/24 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін бастайды. Қазақстандықтар Германия, Солтүстік Македония және Польша құрамаларымен бірге 5-топқа енді.

Мини турнир Польшаның Инороцлав және Торун қалаларында өтеді.

Қазақстан U-19 құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Мирас Рихард, Ильдар Мендіғалиев (екеуі де – «Қайрат»), Әбілхайыр Әлиақбар («Жас-Кыран»);

Қорғаушылар: Богдан Захарченко, Асқар Бижан, Олжас Байбек (барлығы – «Қайрат»), Тагир Сәкенов, Рустам Жанхаев (екеуі де – «Шахтер»), Тимур Кұрбанов («Жас Қыран»), Досхан Дүйсенбек («Ақсу»), Әлішер Әміржан («Академия 05»);

Жартылай қорғаушылар: Ілияс Әбіл («Ақсу»), Әбинұр Нұрымбет («Энергетик-БГУ», Беларусь), Глеб Валгушев («Қайрат»), Диас Өмірзақ («Академия 05»), Жансұлтан Мұхаметханов («Жас Қыран»), Аслан Ғабиден («Каспий»), Димаш Серікұлы («Тараз»);

Шабуылшылар: Бахтишат Абдуллаев («Академия 05»), Артем Литош, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Мұхаммед Енсебаев («Елімай»), Тамерлан Агиманов («Ақсу»);

Бапкерлер штабы: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Арсен Іңкәрбеков – аға бапкердің көмекшісі, Азат Құрманов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Владимир Горячий – бейнесарапшы, Еркебұлан Нұралиев – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Азамат Кенжеғұлов – менеджер.

Қазақстан құрамасының ойындарының кестесі (Астана уақыты көрсетілген):

11 қазан

Германия – Қазақстан – 19:00

14 қазан

Польша – Қазақстан – 17:15

17 қазан

Қазақстан – Солтүстік Македония – 19:30

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары