Қазақстандық төрешілер қыздар арасындағы 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында жұмыс істейтін болады
25 қазан 2023, 12:05
25 қазанда өтетін Венгрия мен Италия құрамалары арасындағы кездесудің бас төрешісі болып Татьяна Сорокопудова қызмет етеді. Оған Динара Ыдырысова мен франциялық Набила Зуак көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Элиз Даупе (Франция) атқарады. Бұл төрешілер тобы 28 қазанда өтетін Италия – Солтүстік Ирландия матчында да жұмыс істейді.
Динара Ыдырысова 31 қазан күні өтетін Италия мен Франция арасындағы ойынға бас төреші көмекшісі болып тағайындалды. Матчтың төртінші төрешісі ретінде Татьяна Сорокопудова атқарады.