«Авиценна» – QYZMET CUP турнирінің жеңімпазы

«Авиценна» – QYZMET CUP турнирінің жеңімпазы

31 қаңтар 2024, 11:00
26-28 қаңтарда Ақтөбеде өткен мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор компанияларының қызметкерлері арасында футзалдан QYZMET CUP-Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. 

Жарысқа Астана, Ақтөбе, Ақтау, Алматы, Орал, Қызылорда, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облысы және Арал қаласынан 16 команда қатысты. Олар: «MADENIET ORAL», «QALQAN», «USTAZ», «Авиатор», «Авиценна», Ақтөбе облысы, «Аскер Қызылорда», Астана қаласы полиция Департаменті, Қостанай қаласы полиция Департаменті - Динамо, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қазығұрт аудан әкімдігі, Маңғыстау облысы, Ішкі істер министрлігі және Проблемалық кредиттер қоры.

Ақтөбе облысының «Авиценна» командасы жартылай финалда Ақтөбе облысы әкімдігі командасын жеңіп, финалда ҚР ІІМ ұжымынан пенальти сериясында 7:6 есебімен басым түсті. Осылайша, аймақтың мемлекеттік мекемелерінің атынан шыққан «Авиценна» командасы топ жарды. Жеңімпаз команда Түркияда өтетін турнирге жолдамаға ие болды.

Жеңімпаздар:

1 орын - «Авиценна», Ақтөбе

2 орын - ҚР ІІМ

3 орын - Ақтөбе облысы әкімдігі

Үздіктер:

Үздік қақпашы: Асылхан Үсенов («Авиценна»)

Үздік қорғаушы: Саламат Буккарин («Авиатор»)

Үздік сұрмергендер: Асқар Аманкелді (Ақтөбе облысы)

Үздік шабуылшы: Нұртұған Әбдірей («Авиценна»)

Үздік ойыншы: Алексей Олейников (ҚР ІІМ)

Үздік команда басшысы: Ерлан Байболат (Жамбыл облысы)

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары