Қазақстан U-21 – Мажарстан U-21 матчының аккредитациясы

Қазақстан U-21 – Мажарстан U-21 матчының аккредитациясы

24 наурыз 2024, 15:55
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2025 жылғы жастар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатының Қазақстан U-21 – Мажарстан U-21 іріктеу матчында жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Қазақстан мен Мажарстан жастар құрамалары арасындағы кездесу 26 наурыз күні өтеді. Ойын Алматы қаласы, Орталық стадионда 19:00-де басталады.

Аккредитацияны 25 наурызда Орталық стадионнан алуға болады.

Байланыс үшін: +7 707 737 31 07 (Айбар), e-mail: press@kff.kz

Бөлісу
Жоғары