Футзалдан Қазақстан құрамасы тартысты ойында Өзбекстанға есе жіберді

Футзалдан Қазақстан құрамасы тартысты ойында Өзбекстанға есе жіберді

09 сәуір 2024, 21:40
Тараз қаласында футзалдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында екінші жолдастық ойын өтті.

Алғашқы таймда Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен алға шыққан, алайда ойын 6:5 есебімен Өзбекстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасынан Жаһангир Рашит, Арнольд Кнауб (хет-трик) және Эдсон көзге түсті. Ал Өзбекстан құрамасының қатарынан гол соққандар: Ахметзянов, Беркинов, Ропиев (хет-трик) және Эльмуродов.

Қазақстан – Өзбекстан 5:6 (3:2) 

Голдар: Рашит 2, Кнауб 6, 20, 40, Эдсон 38 – Ахметзянов 3, Беркинов 10, Ропиев 25, 29, 36, Эльмуродов 40;

Ескертулер: Кака 22 (главный тренер) – Рахматов 5, Ахметзянов 23;    

Қазақстан: Игита (к), Серіков – Эдсон, Валиуллин, Кнауб, Рашит, Абдуманапұлы, Есенаманов, Жұма, Бақтияров, Төреғазин, Нулет, Қайырбай, Кенжеғали;

Өзбекстан: Эльмуродов, Анваров – Ропиев, Хамроев, Нишонов, Тулкинов, Ботиров, Адилов, Джураев, Д.Рахматов (к), Усманов, Ахметзянов, Худойбердиев, Беркинов;

Төрешілер: Мустафаев, Баймбердиев (екеуі де – Қырғызстан);

09.04.2024. Тараз. «Тараз Арена». 1 300 жанкүйер.

Бөлісу
Жоғары