Қазақстандық төрешілер әйелдер арасындағы Еуро-2025 іріктеу матчында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер әйелдер арасындағы Еуро-2025 іріктеу матчында қызмет атқарады

31 мамыр 2024, 18:37
Қазақстандық төрешілер 2025 жылғы әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне тағайындалды.

Эльвира Нұрмұстафина бастаған төрешілер бригадасы Сербия мен Словакия құрамалары арасындағы ойында қызмет атқарады. Оған Наргис Мағау мен Мәдина Алмасқызы көмек береді. Матч бүгін, 31 мамыр күні сағат 21:00-де Белград қаласында өтеді.

Сондай-ақ, Эстония және Албания кездесуінің бас төрешісі болып Татьяна Сорокопудова тағайындалды. Оған Динара Ыдрысова және Латвиядан келген Лига Дидрике ассистент болады. Матч 31 мамырда, Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де, Эстония астанасы Таллинде жоспарланған. 

 

 

Бөлісу
Жоғары