Талғарда УЕФА 2024/25 Аймақтар Кубогы өтеді

Талғарда УЕФА 2024/25 Аймақтар Кубогы өтеді

16 тамыз 2024, 12:00
Қазақстанда алғаш рет 2024/25 жылғы маусымының әуесқой командалары арасында УЕФА Аймақтар кубогы іріктеу матчы өтеді.

УЕФА Аймақтар кубогына іріктеу матчы 25 тамыз күні сағат 18:00-де Талғар қаласындағы Ұлттық құрамалар базасында өтеді. Әуесқой футболдан Қазақстан чемпионы «Ақбет» командасы келесі кезеңге өту үшін Польшаның «Dolnośląski Region» ұжымымен кездеседі. 

Аралық кезеңнің сегіз жеңімпазы 2025 жылдың маусым не шілде айының соңғы екі аптасына жоспарланған финалдық кезеңге жолдама алады.  

Естеріңізге сала кетейік, екі жыл сайын өткізілетін әуесқой командалар арасындағы УЕФА Аймақтары Кубогы аралық және финалдық кезеңдерден тұрады. Рейтингтің арқасында Қазақстан аралық кезеңге тікелей шығатын 30 елдің қатарына кіреді. Қалған 6 команда алдын-ала кезеңінде екі жолдамаға таласады.

Бөлісу
Жоғары