Қазақстан – Норвегия матчының аккредитациясы

Қазақстан – Норвегия матчының аккредитациясы

21 тамыз 2024, 15:29
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтетін Қазақстан – Норвегия іріктеу матчында жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Еске салайық, Қазақстан – Норвегия матчы 6 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Орталық» стадионында өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.

БАҚ өкілдерін тіркеу 2024 жылдың 1 қыркүйегі, сағат 12:00-ге дейін (елорда уақытымен) жүргізіледі. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қаралмайды.

Матчтарға арналған аккредитация әр адамға жекелей беріледі. Сондықтан барлық БАҚ өкілдері 3x4 түсті портреттік фотосуреттерін қосуы керек. Аккредитацияға арналған өтінімдер kff.kz сайтының тиісті бөлімінде толтырылады.

Аккредитацияға қалай өтініш беруге болады?

  1. Іс-шараны таңдау (қай матч/іс-шара үшін аккредитацияға өтініш бересіз)
  2. Толық аты-жөніңізді толтырыңыз
  3. Электрондық поштаңызды көрсетіңіз
  4. Телефоныңызды көрсетіңіз
  5. БАҚ атауын көрсетіңіз
  6. Аккредитация түрін таңдаңыз (жазушы журналист немесе фотограф)
  7. Соңғы жарияланымдарыңыз туралы ақпараттың сілтемесін қалдырыңыз
  8. Құжаттар тізімін жүктеп салу қажет: жеке куәлік, 3х4 фотосурет, бас редактор немесе басшының қолы қойылған редакциялық хат.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген аккредитация туралы өтініштер қабылданбайды. Аккредитациялық бейджиктер матч алдындағы іс-шарада – 1 қыркүйекте беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Баспасөзге арналған орындар мен аккредитациялық бейджиктер саны шектеулі. Жіберілген өтінімдер қосымша қаралады.

Әрбір БАҚ үшін аккредитиация саны екеуден аспайды (тілші және фотограф/бейнеоператор).

Байланыс телефоны: +7 778 281 81 26, e-mail: press@kff.kz

Бөлісу
Жоғары