УЕФА Аймақтар Кубогына қатысатын «Акбет» командасының құрамы

УЕФА Аймақтар Кубогына қатысатын «Акбет» командасының құрамы

21 тамыз 2024, 14:00
2024/25 жылғы маусымының әуесқой командалары арасында УЕФА Аймақтар кубогына қатысатын «Акбет» әуесқой командасының құрамы жарияланды.

Команда құрамы:

Қақпашылар: Камран Ахмадишин, Данил Гурьянов

Қорғаушылар: Роман Ваккер, Михаил Кайзер, Мирас Биболов, Жалғас Оморбек

Жартылай қорғаушылар: Дамир Қабатай, Әділ Рахметов, Ибрагим Камин, Думан Марат, Данияр Закирьянов, Шыңғыс Бегедаев, Илья Иноземцев

Шабуылшылар: Темірлан Рыспек, Делшат Хамитов, Дамир Арынғазинов, Азамат Жилжанов, Владислав Шевчук

Бапкерлер штабы: Бағлан Арынов – команда басшысы, Асхат Құсайынов – бас бапкер, Ойрат Садуов – бас бапкердің көмекшісі, Жаслан Адамов – дене даярлығы бапкері, Дархан Смайылов – дәрігер, Роман Качановский – менеджер.

УЕФА Аймақтар кубогына іріктеу матчы 25 тамыз күні сағат 17:00-де Талғар қаласындағы Ұлттық құрамалар базасында өтеді. Әуесқой футболдан Қазақстан чемпионы «Ақбет» командасы келесі кезеңге өту үшін Польшаның «Dolnośląski Region» ұжымымен кездеседі. 

Аралық кезеңнің сегіз жеңімпазы 2025 жылдың маусым не шілде айының соңғы екі аптасына жоспарланған финалдық кезеңге жолдама алады.  

Естеріңізге сала кетейік, екі жыл сайын өткізілетін әуесқой командалар арасындағы УЕФА Аймақтары Кубогы аралық және финалдық кезеңдерден тұрады. Рейтингтің арқасында Қазақстан аралық кезеңге тікелей шығатын 30 елдің қатарына кіреді. Қалған 6 команда алдын-ала кезеңінде екі жолдамаға таласады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары