Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия мен Словенияға қарсы матчтарға кеңейтілген құрамы

Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия мен Словенияға қарсы матчтарға кеңейтілген құрамы

19 тамыз 2024, 16:30
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қыркүйек айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия (6 қыркүйек) мен Словенияға (9 қыркүйек) қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. 

Тізімге 36 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Михаил Габышев («Елімай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Талгат Кусяпов («КАМАЗ», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Александр Зуев, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»);

Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін. Айта кетейік, Станислав Черчесов бастаған бапкерлер штабы Максим Самородов пен Сағадат Тұрсынбайдың жарақатынан хабардар. Қазіргі таңда «Ахмат» және «Ордабасы» футбол клубтарының дәрігерлер штабымен тұрақты байланыста. 

Оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйек күні Алматы қаласында басталады. Нақты тізім кейінірек белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 6 қыркүйек күні ұлттық құрама Алматы қаласының Орталық стадионында Норвегияға қарсы ойнайды. Матчтың 19:00-де басталады. Билеттер ticketon.kz сайтында сатылады. 

Үш күннен кейін біздің команда Словенияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Любляна қаласында «Стожице» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 23:45-те.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Бөлісу
Жоғары