«Футбол менеджменті» курсының түлектері шетелде тағылымдамадан өтеді

«Футбол менеджменті» курсының түлектері шетелде тағылымдамадан өтеді

25 қыркүйек 2024, 15:54
Қазақстан футбол федерациясы мен AlmaU университетінің бірлескен «Футбол менеджменті» білім беру бағдарламасы аясында курс түлектеріне әлемнің үздік спорт орталықтарында ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігі пайда болды.

Тағылымдама ұлттық құрамалар мен футбол клубтарының оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырумен айналысатын SR9 Management халықаралық компаниясымен серіктестіктің жемісі. 

Жуырда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін конкурс аяқталды. Шілде айында басталған конкурс үш кезеңге созылып, алдағы маусымаралық үзілісте Дубайда тағылымдамадан өтетін алғашқы финалист анықталды. 

AlmaU университеті бағдарламаны кеңейтуге жұмыс істеп жатыр: тағылымдама саны артып, халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік көбейеді. Іріктеуге қатысу үшін футбол менеджменті курсына оқуға түсу керек.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары