Дәурен Тұрсағұлов: «Португалия құрамасында қатты өзгеріс болған жоқ»

Дәурен Тұрсағұлов: «Португалия құрамасында қатты өзгеріс болған жоқ»

24 қыркүйек 2024, 22:31
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дәурен Тұрсағұлов Португалиямен өтетін кездесу туралы ойын ортаға салды.

– Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі қарсылас анықталғаннан бастап дайындалып жатырмыз. Португалия – жақсы команда. Олардың ойындарын зерттеп, жақсы және әлсіз тұстарын сараладық. Өткен Әлем чемпионатынан бері Португалия құрамасында қатты өзгеріс болған жоқ. Тура сол құрам десе болады, 1-2 ғана ойыншы өзгерген. Ойын жүйесі де сол қалпы.  Әлем чемпионатын сыртта қарап отырған өте қиын. Енді алаңда барлық күш-жігерімді көрсетуге тырысамын. Әндіжанда өткен екінші ойында жергілікті халықтың қолдау көрсеткенін көрдім. Өте мейірімді жанкүйерлер екен. Көп жиналды. Мұндайды күтпедім. Көп рақмет айтамын. Келесі ойынға да келіп, қолдау көрсетіңіздер!

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары