Жахангир Рашит: «Бас бапкер салқындылық танытып, өзіміздің ойынды ойнауды талап етті»

Жахангир Рашит: «Бас бапкер салқындылық танытып, өзіміздің ойынды ойнауды талап етті»

18 қыркүйек 2024, 19:40
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Жахангир Рашит Ливиямен (4:1) өткен ойыннан кейін пікір қалдырды.

– Бізге қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге, Қазақ еліне жеңіс құтты болсын деймін. Ойыннан жақсы әсер алдым. Қарсыласымыз Ливия құрамасына да алғысымды айтамын. Енді келесі кездесуге дайындаламыз. Бірінші таймның ортасына қарай бас бапкер салқындылық танытып, өзіміздің ойынды ойнауды талап етті. Гол салғаныма ғана емес, Әлем чемпионатында ойнағаныма да қуаныштымын. Бапкерлерге, командаластарыма алғысым шексіз. Өзбекстанда өтіп жатқан ойындардың атмосферасы өте керемет. Бірінші ойыннан бастап байқадық, жанкүйерлер қатты қолдау көрсетіп жатыр.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары