Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының алғашқы ойынында Испаниямен тең түсті
Әндіжан қаласында өткен ойынның небәрі бесінші секундында Қазақстан құрамасы есеп ашты. Тарихи голдың авторы – Біржан Оразов.
Кездесудің 8-минутында төрешілер видео қаралымға жүгініп, ойын ережесінің бұзылуына байланысты Дәурен Тұрсағұловқа қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Шабуылшы Ливиямен өтетін келесі ойынға қатыспайды.
Испания құрамасы 17-минутта таразы басын теңестірді. Көзге түскен қарсыластың шабуылшысы – Хесус Гордильо.
Ойын соңына дейін тең есеп өзгермей, Қазақстан мен Испания құрамалары бір ұпайдан иеленді.
Кездесу қорытындысы бойынша матчта 21 сейв жасаған Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі капитаны Лео Игита ФИФА нұсқасы бойынша үздік ойыншы болып танылды.
Біздің жігіттер Әлем чемпионатындағы келесі ойындарын 18 қыркүйек күні Әндіжан қаласында Ливия және 21 қыркүйек күні Ташкентте Жаңа Зеландия құрамаларымен өткізеді.
Қазақстан – Испания – 1:1 (1:1)
Голдар: Оразов 1 – Гордильо 17
Ескертулер: Кака 27
Қызыл қағаз: Тұрсағұлов 9
Испания: Эрреро, Брага, Гомес, Фернандес, Мелладо – Чеми, Плана, Перес, Бойис, Катела, Кортез, Лозано, Гордильо, Кампос (к)
Бас бапкер: Федерико Видаль.
Қазақстан: Игита (к), Лео, Оразов, Дуглас, Тұрсағұлов – Серіков, Кнауб, Есенаманов, Төреғазин, Дәрібай, Абдуманапұлы, Валиуллин, Ақбалықов, Рашит.
Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака.
Төрешілер: Роберто Лопес (Панама), Рикардо Лай (Панама), Даниэль Манрике (Колумбия)
15.09.2024. Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан. 1808 көрермен.