Әбдірәсіл Абдуманапұлы: «Алғашқы мақсат – топтан бірінші орынмен шығу»

Әбдірәсіл Абдуманапұлы: «Алғашқы мақсат – топтан бірінші орынмен шығу»

14 қыркүйек 2024, 19:00
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Әбдірәсіл Абдуманапұлы 2024 жылғы Әлем чемпионатында Испаниямен өтетін ойын туралы пікір қалдырды.

– Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты басталды. Жақсы дайындалдық. Қазақстан үшін, әлем кубогын елге алып келу үшін бар күшімізді саламыз. Ұйымдастыру жағы да тамаша, бәрімізге ұнап жатыр. Алғашқы ойын – Испания. Өте қиын болады. Бірақ біз үшін алғашқы мақсат – топтан бірінші орынмен шығу. Әлем чемпионаты әр спортшының алға қойған мақсаттарының бірі, биік шыңы деп санаймын. Осы әлем чемпионатында Қазақ елінің абыройын асқақтатуға бар күш-қуатымызы саламыз. Жанкүйерлердің барлығы әлем чемпионаты басталмай жатып, көрші елге барамыз деп жазды. Бауырларымыз, достарымыз барлығы қолдау көрсетуге келіп жатыр. Әр ойында жеңіс үшін ойнаймыз.

Бөлісу
Жоғары