Пауло Рикардо Кака: «Қарсыластың мықты тұстарын тоқтатуға тырысамыз»

Пауло Рикардо Кака: «Қарсыластың мықты тұстарын тоқтатуға тырысамыз»

14 қыркүйек 2024, 18:50
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Әлем чемпионатының алғашқы ойыны қарсаңында команданың дайындығына баға берді. 

– Әндіжанға 11 қыркүйек күні келдік. Көршілес Өзбекстан елі болғандықтан қиын болмайды деп ойлағанбыз. Жақын болғанымен сапар жеңіл болмады. Алайда ерте келгеннен кейін қалпымызды жинап алдық. Бүгінгі дейін екі рет жаттығу жасадық, бүгін бірінші рет ойын өтетін алаңда жаттығу жасаймыз. Жаттығу мен ойын алаңының төсеніштері әртүрлі, алайда жарысқа қатысатын командалар үшін жасалған жағдайлар бірдей. 

Испания құрамасына талдау жасадық. Біздің команда өз күшіне сеніп қоймай, қарсыластың ойынын талдау үшін көп уақыт бөледі. Испания - футзал әлемінің гранды. Ертең ойында қарсыластың мықты тұстарын тоқтатуға тырысамыз. Оң нәтижеге жететін мүмкіндігіміз бар деп санаймын. 

Қанат Жеткірбаев команданың қатарында. Өйткені, соңғы жаттығуға дейін әртүрлі себептерге байланысты тізімде бір ойыншыны ауыстыру мүмкіндігі бар. Дегенмен Испаниямен өтетін ойынға нақты тізім енген ойыншылардың барлығы қатысады деп үміттенемін.

Бөлісу
Жоғары