Біржан Оразов: «Тең нәтиже көңілімізден шықпады»

Біржан Оразов: «Тең нәтиже көңілімізден шықпады»

15 қыркүйек 2024, 22:01
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов Испаниямен (1:1) өткен ойын бойынша пікір қалдырды.

– Тең нәтиже көңілімізден шықпады деп айта аламын. Өйткені, біз жеңіске ойнадық. Ең бастысы ұтылмадық. Осы ойынға көп видео қарап, әртүрлі ойын сценарийлерін қарастырдық. Бірақ, қызыл қағаз аламыз деп ойламадық. Жылдам гол туралы айтатын болсақ, осы тактиканы Иран және Аргентина құрамаларымен өткен жолдастық ойында қолданып көрген болатынбыз. Бүгін енді голмен аяқталды. Әрине, мен үшін қазақ халқының намысын қорғау – үлкен абырой! Қазақстан үшін бар күш-жігерімді саламын. Әндіжанға келіп қолдау көрсетіп, керемет атмосфера қалыптастырған біздің жанкүйерлерге ерекше алғысымды айтамын. Күшіміз бірлікте! Бірліктің арқасында үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенемін.

Бөлісу
Жоғары